Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 827 кәсіпорын 20 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешегін өтемеген

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2023
  • 734

Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.