Русский Сайттың толық нұсқасы

"Көлік алуға құштар емес едім": Жаңа темір тұлпар тізгіндеген Төреғали Төреәлінің әйелі әсерімен бөлісті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2023
  • 984

Әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі Толқын күйеуі мен ата-енесінің жасаған сыйлығын көргенде қандай әсерде болғанын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Толқынның айтуынша, қымбат көлікті сыйлау үшін күйеуі мен ата-енесі жоспар құрған екен. Тосын сый Әлихановтар әулетінің келініне ұнады.

“Шынымды айтсам, ештеңе сезбедім, ешкім ештеңе білдірмеді. Алла мені қуанту үшін қанша адамды себепкер еткеніне көңілім босап қалды. Көліксіз жүрген емеспін, қыз кезімде ата-анам, тұрмыс құрғалы ата-енем мен жарым жаяу жүргізген емес. Адамның көңілі сатып алуға болмайтын қымбат құндылық. Мен қандай бай едім, Раббым. Маған Lexus көлігі ұнайтынын үйде мамам мен төрем білетін. Қатты үлкен емес, асты биік, қалада айдауға ең қолайлы көлік деп білемін. Емнен шығып төрем “Lexus орталығын көріп қайтайық, уақытымыз бар ғой” деді. “Үйде де ешкім жоқ, папа Кәусар мен Тоғжанды алып кеткен” деп қоямын. Орталыққа келдік. Тұрақта атамның, күйеу баланың көліктері тұрған екен. Мен көрмесін деп нөмірлерін шешіп қойған. Содан ішке кіріп біреуіне мініп көрдім. “Кең екен, соңғылары жақсы екен” деп қоямын. Төрем де сыр бермейді: “Қаласаң жүрілген көлік алып берейін, олар да жаңа ғой. 1-2 ай ғана айдалған” деді. Жанымызға менеджер қыз келіп еді жүрілген көліктер тұрған жерді көрсетуін сұрадым. Менеджер қыздың артынан еріп келеміз. Ойда дым жоқ. Көлігім бар, алуға қатты құштар боп жоқ едім. Төрем айтқан соң көре салайық деп келе жатқан адаммын”, – деп жазды әншінің әйелі.

Толқын Тұрарбекқызы ойында жүрген көлікті тару еткен күйеуі мен ата-енесіне алғыс білдірді.

Мені қуанту үшін енем мен бикеш Астанадан ұшып келген, таңнан балабақшаға кеткен балаларымды атасы алып кеткен. Тағы бауырларым, күйеу балалар, қанша мобилограф жиналғанын көріп көңілім босап кетті. Атам Кәусарға да айтқан екен. Дастархан басында Кәусар да сыр бермейді. Қарап тұрсаң, балаларды ол жаққа апарудың өзі әуре ғой. Оның үстіне әжесі де, мен де қасында емеспіз. Бес баланың жанында қанша адам жүріп, ие бола алмай кетеміз. Атасы немерелерін де, орталықты да ретеп, қайын сіңілілеріме алдын ала хабарлап, бауырларыма да айтыпты. Бәрі менің кішкентай көңілім үшін. Ата-енем бізді емес, біз оларды қуантатын шақтамыз ғой. Сондықтан көңілім босады. Олар бізге емес, біз оларға қарыздармыз”, – деп басынан өткен сезімімен бөлісті Толқын.