Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлтты қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың 72 мүшесін ұстады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2023
  • 856

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдары және Бас прокуратурамен бірлесіп Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК қару мен есірткіні заңсыз сақтау, бопсалау, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру және өзге де ауыр қылмыстар жасады деп күдікке ілінген топтардың 72 адамын ұстады.

Олар "Қорғас" ХШЫО, "Жібек жолы" өткізу пункті және "Қордай автомобильдік" өткізу пунктінде заңсыз әрекеттерін жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы, ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.