Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоспарлы емдеуге жатқызу порталы бойынша қызметтер жеңілдейді

Енді медициналық портал қызметін пайдалану жеңілдейді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы бойынша тапсырылатын анализдер мен құжаттар саны қысқарады деді. Бұл жұрттың дәрігерлерге қаралуын жеңілдетеді, әрі уақыт үнемдеуге пайдасын тигізбек. Дегенмен науқастарды ауруханаға жатқызу бойынша шешімді дәрігерлер қабылдайды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Жоспарлы түрде көмек болғандықтан ол мамандар өздері қарайды. Қай уақытта жатқызуға болады. Әр түрлі болады ғой. Әрбір аурудың сатысы болады. Бір адамдарға жоспарлы болса да бұл оперцияны қазір жасауға тура келеді.