Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 процентке төмендетті. Бұған елдегі инфляцияның баяулауы себеп болған. 9 айдың қорытындысы бойынша 11,8 пайызды құрады. Ұлттық банк төрағасы бұл несие мен депозит процентінің түсуіне әсер етеді дейді. Бірақ, басқа факторлардың барын да ұмытпаған жөн. Тимур Сүлейменов өзгеріс алдағы уақытта оң нәтижесін көрсететініне сенімді.
Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сыртқы инфляция баяулады. Сондай-ақ азық-түлік нарығындағы әлемдік бағалардың төмендеуі мен орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты базалық ставканың төмендеуіне ықпал етіп отыр. Ұлттық Банктің басты міндеті– бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Біз орта мерзімді келешекте инфляцияны 5%-тік белгіленген мақсатқа жеткізуге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.