Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Ұстаздар күніне орай «ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕРІ» мен «ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ» марапатталды

"Қалдырған ізің мәңгілік". Осындай атаумен елордада ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараның өтуіне Астана қалалық білім басқармасы мұрындық болды. Айтулы кешке 2 мыңға жуық мұғалім қатысты.

Ұстаз болу -ұлы қызмет. Кеште ізгі мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Мұғалім-мектептің жүрегі. Сондықтан оларға артылар жүк ауыр. Күні кеше өткен републикалық съезде Президент кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты деді. Бала жанының бағбаны болған жандар бұл жауапкершілікті біледі, түйсінеді.

Гаухар ЖҰМАНОВА, "ӨРЛЕУ" ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Бір жаңа әрқайсымызға жаңа қарқын, кәсіби өсуімізге, білімнің дамуына бір жаңа серпіліс беретіні сөзсіз. Президенттің сөзін естідік. Нақты қойылған талаптарын естідік. Соның ішінде әрқайсысы жүрегімізден орын алды. Менің өз жүрегіме жақын келгені біліктілікті арттыру яғни, педагогтердің кәсібилігі жаңағы біліктілікті арттыруына аса мән берді.

Салтанатты шарада қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар ұстазды марапаттады. «Құрметті педагогі», «Үздік білім беру ұйымы» номинациясылары табысталды. Бірқатар азамат «Еңбек Ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалдарымен марапатталды.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бізде қаламыз да 23 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Әрқайсысының еңбегінің еленгенің қалаймыз. Ең үлкені еңбек ол еленететін ұстаз үшін ол ата-аналар мен балалардың ризашылығы. 600 адам әр өңірден келіп осы бүгінгі іс-шараға қатысып жатыр. Және де Астананың 1000 нан астам мұғалімдері осы іс-шараны келіп тамашалап жатыр.

Мұғалімдерге мемлекет тарапынан қолдау көп. 4 жыл бұрын Мемлекет басшысы педагог мәртебесін арттыруды тапсырды. Бұл орайда Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Президент тапсырмасымен жалақы 4 жылда 2 есе өсті. Еңбек демалысының уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, мұғалімге артылған артық жұмыстар алынып тасталды. Сондай-ақ, мұғалім мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Қысқасы, елімізде білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріліп отыр.