Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қыз кезінде бәрі жақсы": Жұлдызай Дүйсенбиева ене мен келін тақырыбын қозғады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2023
  • 1056

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде жазба жариялап, ене мен келін тақырыбын қозғады. Өнер иесі Instagram парақшасында қоғамдық мәселені талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман келіншек қайдан шығады? Біз осы өз-өзімізден жаман боламыз ба? Күйеу мен қайын жұрт жақсы болса, енең жақсы болса, неге келін бір өзі жаман болады? Қызыңды еркелетіп, төрге отырғызып, мәпелеп өсіресің. Бір жігіт "Ғашықпын" деп алып кетеді. Сөйтіп босағасына отырғызып қояды. Қайын жұрттың ортасына түсесің. Басында араласасың, кейін арпалысасың. Осының бәрінің шешімі ұлдың анасында. Яғни, ене өзінің бір үйдің қызы болғанын естен шығармауы керек", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілік арасында тараған қауесетке жауап беріп, көпшілікке күйеуін көрсеткен болатын.