Русский Сайттың толық нұсқасы

WhatsApp-та мерзімі өткен SIM карталар туралы фейк тарады

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2023
  • 792

Әлеуметтік желіде жалған хабарлама тарап жатыр. Тараған аудио хабарламада "SIM картаның қызмет ету мерзімін ұзарту" ұсынылған адамдарды алдау схемасы жайлы айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының сөзінше, алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстырып, SIM картаның мерзімі аяқталғаны және оны ұзарту үшін көрсетілген сілтеме бойынша өту керегін айтады екен. Осылайша, алаяқтар банктердің қосымшаларына, ресми аккаунттарға және басқа да жеке мәліметтерге қол жеткізеді.

Ресейлік БАҚ мұндай алаяқтық схемасы туралы 2022 жылы жазған. Ол кезде "SIM картаны қолдану мерзімін ұзарту" үшін SMS-пен келген кодты айту керек болды. Осылайша, адамдар өздерінің жеке деректерін алаяқтарға беріп отырған.

Мұндай алдау әдістері туралы 2023 жылы БАҚ-та хабарланды.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін, SIM карталарының жарамдылық мерзімі жоқ екенін және банктік немесе дисконттық болсын, басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан карталарда жазылып тұратынын естен шығармаған жөн.

"Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер, сондай-ақ, әңгімелесуші өзін банк немесе оператор компаниясының қызметкері деп таныстырса да, телефонға келген SMS-кодтарды, парольдерді, логиндерді немесе өзге де деректерді хабарламаңыздар", - делінген басылым мәліметінде.