Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында теміржолдан студенттің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2023
  • 632

Жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылды, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ақмола облысында теміржолдан студенттің мәйіті табылды

ҚазАқпараттың жазуынша, Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды.

Жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылды.

«6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, соның салдарынан теміржол көлігін пайдалану және көлік құралын пайдалану қауіпсіздігін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті көліктегі полициядан.