Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мәңгілік сүйікті жарым болармысың": Қайрат Нұртастың інісі сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2023
  • 907

Танымал әнші Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар Нұртас кеше Түркістан қаласында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Ұcыныс жасаған сәттен түсірілген әсерлі видеоны Заңғар Нұртас Instagram-дағы парақшасында жариялады. Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтермек. Оның таңдауы Индира Мәуленова есімді аруға түскен. Заңғар Нұртас үйленуге ерекше ұсынысты Түркістан қаласындағы "Керуен сарайында" ұйымдастырған. "Бақытты сәтімізден", - деп жазылған видеоның астында. Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылардың бірі қолдаса, енді бірі екінші рет тез үйленіп жатқанын сынға алды.

"Жүзі жылы ажарлы екен, бақытты болыңдар. Бір қарағанда Төреғалидің қарындасына ұқсап кетеді екен", "Ешкімді тыңдамаңдар, бақытты болыңдар", - деп жазды желі қолданушылары. "Тез ғашық болып, тез суып, жаңа қарым-қатынасқа ашыла салатын адамдарды түсінбеймін", - деп сынағандар да бар.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова "осы келінді нағыз келінше ұстаймын" деп жаңадан түсетін кіші келініне қалай қарайтынын айтқан еді.