Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат Ажар Ғиниятқа: Не деген әулие екендеріңізді білмеймін

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2023
  • 1021

Депутат Мақсат Толықбай Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында денсаулық саласындағы бірқатар мәселені көтеріп, халықтың наразылығын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

МӘМС жүйесіне ел неге наразы? Неге дер кезінде көмек алмай, ауруы асқынып өмірден өтіп кетіп жатыр? Мысал арқылы келтірейін, түнімен жүрегің ауырды. Ауруханаға барасың, сені кардиолог протокол бойынша бірден қабылдамайды. Терапевт «УЗИ не ЭКГ-ден» өт деп жолдамамен жібереді. Оны бір апта күтесің, кардиологтың кезегін екі апта күтесің. Бірақ ақшаң болса жақсы, жекеменшік емханадан ем аласың, болмаса инфаркт, инсульт алып, қаншама адам өмірден өтіп кетіп жатыр, - деп айтты депутат.

Мақсат Толықбайдың сөзінше, ауруханалар бекітілген жоспар бойынша адамдар қабылдайтынын айтады.

Шұғыл ота жасайтын орталық емханаларға қаржыландыру уақытында түсуі керек. Оны көбейту керек. Біз күніне қанша адам жол-көлік апатына түсетінін білмейміз ғой? Бір адам жол-көлік оқиғасына түсті, аяғы, қолы сынып, бас-ми жарақатын алды делік. Бірақ сақтандыру бір сүйекке ғана ақша төлейді. Қалған ақшаны өз қалтасынан шығарады. Сөйтіп қазір ауруханалардың кредиттік берешегі миллиардтан асып кетіп жатыр. «Шектік» шкаланы қай данышпан ойлап тапқанын білмеймін. Мен өз-өзіме болжам жасай алмаймын. «Давлением» үш күннен кейін әлде төрт күннен кейін көтеріле ме? Ішім бір аптадан кейін өте ме? Сіздер қанша адам ем алуы керегін, қанша апат болатынын, бір аптадан кейін қанша адам ауыратынын, бір айдан кейін қанша адам ауыратынын болжап отыратын не деген әулие екендеріңізді білмеймін, - дейді ол.