Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО көрмесін абыроймен өткізуіміз керек- Президент

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2016
  • 1905

"Ауқымды шараны абыроймен өткізуіміз керек". Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасына осындай міндет жүктеді. Ақордадағы қабылдауда Ахметжан Есімов халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Алғашқы нысандар тапсырылуға дайын. Көлемі 285 мың шаршы метр болатын халықаралық павильондардың бірқатары Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрия өкілдеріне беріліп те қойған. Мемлекет басшысы ЭКСПО нысандарын іс-шара өткен соң да пайдалану қажеттігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қиын жағдайға қарамай экономикадағы, мемлекет 400 млрд ақша бөліп, осындай ауқымды шараны өткізгелі жатыр. Енді қалған 7-8 айда барлығын жасап, абыроймен өткізуіміз керек. Ғимараттарды көрмеден кейін пайдалану мәселесін үкіметпен бірлесіп шешулерің керек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА