Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті

Қызылордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті. Сырда туып, аты алты Алашқа танылған дарын иелерінің қатарында ақын Шөмішбай Сариевтің өзіндік орны бар. Ақынның өлеңдері талай әнге арқау болды. Қайраткер тұлғаның шығармаларын сағынған Сыр жұртшылығы кеште әдемі әсерге бөленді.

Рухани кеш Сыр халқына ерекше әсер сыйлады. Онда жергілікті өнерпаздардан өзге Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы ақын әндерін орындады. Талай әншінің бағын ашқан керемет туындыны дүниеге әкелген кемеңгер тұлға туралы естеліктерімен бөлісті.

Жеңіс ЫСҚАҚОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Аға бала сияқты болды. Өйткені кішкене бір кездесулерде бетіңе қарап 4 шумақты жаза салады ғой. Көңілі толған кезде. Соны біз сақтап қойып сәлден кейін аға маған осы жерде жазып бергенсіз десек, қой а ондайда болып па еді деп. Өзінің жазған өлеңдеріне кейде өзі таңғалып отырады.

Бүгінде облыстық өлкетану музейінде ақынға арналған арнайы бұрыш ашылған. Онда қайраткердің киген шапанынан бастап, тұтынған бұйымдары бар. Кешке келген Шөмішбай Сариевтің жары онда болып, ерекше әсерге бөленгенін айтты.

Жұмакүл САРИЕВА, АҚЫННЫҢ ЖАРЫ:

Сондай қуандым. Жаңа барып қайттым. Өте жақсы. Ағаңның бұрышы тұр екен. Билборты ілініп жатыр, кітабы шығып жатыр ағаңның. Халқына, бәріне де ризамын.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көпшілікке Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізді.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Ол ұлт санасын сергіткен асқақ рухты жырларымен қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтті. Сонымен бірге шетел шайырларын қазақша сөйлетіп, оқырманын әлем әлебиетінің жауқарларымен таныстырды. Оның туындыралы халқымызбен бірге мәңгі жасай береді.

Жары Жұмакүл апайға да құрмет көрсетіліп, иығына шапан жапты.