Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұяты мазаламай ма екен": Жұлдызай Дүйсенбиева өзін пайдаланып, кейін жаманатты қылғандарға жауап берді

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2023
  • 884

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева желіде өмірде адамдардан көңілі қалғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Өмірде көп жанға жол көрсеттім, қолымнан келгенше көмек бердім. Үнемі “қоя берші” деп ешкіммен санаспадым. Ең соңында мені жамандап кеткен жандар қаншама?! Соларды ұяты мазаламайды ма екен? Өмір-ай, өмір”, – деп назын айтты Жұлдызай Дүйсенбиева.

Сондай-ақ актриса болмысы жасандылықтан ада екенін айтып, ағынан жарылды.

“Мен жасанды бола алмайды екенмін. Өтірік күлу қолымнан келмейді. Мен тік мінездімін. Оны тәкаппарлықпен шатастырмаңыздар”, – деп ескерткендей болды ол.

Айта кетейік, бұған дейін күйеуіммен айырылыстым деген Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде отбасымен бірге табиғат аясында демалып жүрген видеосын жүктеді.