Бүгінде қазақстандық теннисші WTA қорытынды жарысына дайындалып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлерінде бір маусымда эйс жасау жөнінен әлемдік рекордты жаңартты.
Сhampionat.com-ның мәліметінше, қазақстандық теннисші өткен аптада Бейжің WTA 1000 жарысында 38 эйс жасаған.
Осылайша, биылғы маусымдағы додаларда жасаған эйс санын 235-ке жеткізіп, чехиялық Каролина Плишкова мен америкалық Серена Уильямсті басып озды.
К.Плишкова 2019 жылы WTA 1000 турнирлерінде 234, ал С.Уильямс оған дейін 233 эйс жасаған болатын.
Рыбакина Бейжіңде табысты өнер көрсетіп, ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенконы жеңді.
Жартылай финалда ресейлік Людмила Самсоноваға жол берді.
Бүгінде қазақстандық теннисші WTA қорытынды жарысына дайындалып жатыр.