Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда күйеуін пышақтап өлтірген әйел 5 жылға сотталды

Екібастұзда күйеуін пышақтап өлтірген әйел 5 жылға сотталды. Оқиға мамыр айында болған. Жұбайы балабақшада күзетші болып жұмыс істейтін күйеуіне барған. Бірақ, өзара жанжал шығып, күйеуі аяғы ауыр әйелін ұра бастаған. Осы сәтте жұбайы қорғану үшін күйеуіне пышақ сұғып алыпты. Ол алған жарақатынан көз жұмады. Тергеу барысында марқұм күйеуі әйелін бұрын да жиі ұрып соққаны анықталды. Ал әйел жақында ғана босанып, сәбилі болған.

Агидель ЫБЫРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Адамгершілік қағидасы басшылыққа ала отырып, ана мен бала мүддесін көздеп, 2023 жылы туылған жас бала тәрбиелеп отырғанына байланысты үкім орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.