Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстанда депрессияға ұшыраған адам көп», - дәрігер

Елімізде психологиялық дертке шалдыққан науқас саны көбейіп барады. Былтыр бақылауда 10 мың адам тұрса, биыл бұл көрсеткіш 20 процентке өскен. Дәрігерлер бұл дерт, әсіресе, күз айында қозатынын айтады. Біз айтып жүрген «күздегі күйзеліс» осы ауытқудың бастапқы белгісі көрінеді. Ал ол асқынса депрессия деменцияға айналып, адам ақыл-есінен айырылады. Сондықтан мамандар осы мезгілде көңіл-күйдің орнында болуы маңызды дейді. Толығырақ Аружан Задабек жалғастырсын.

Елімізде психикалық аурудың ең көп тараған түрі – депрессия. Бұрын қазақта мұндай сөздің де, аурудың да болмағаны анық. Бірақ соңғы кезде осы терминді жиі еститін болдық. Үлкендер мұндай дерттің барына сенбей, жәй «еріккеннің ермегі» деуі мүмкін. Бірақ дәрігерлер оның барын жоққа шығармайды. Күйзелістің адам өміріне өте қауіпті екенін айтады. Тіпті, Қазақстан «депрессияға ұшыраған» мемлекеттер арасында алдыңғы қатарда тұр – дейді.

Жәнел ІЛИЯС, ДӘРІГЕР:

Дәрі қолданбай-ақ жазылуға болады. Бірақ маусымдық аффективтік бұзушылық жағдайы ұзақ уақытқа созылса, міндетті түрде дәрігердің қабылдауына баруға кеңес беремін. Біреудің көңіл-күйі болмайды, енді біреу жылағысы келеді. Ол ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен болып жатқан шығар. Дәрумен тапшылығы адамның көңіл күйі мен психоэмоционалдық жағдайына тікелей әсер етеді.

Күн қысқарып, түн ұзаруы, жарық мөлшерінің азаюы адамға кері әсер етуі мүмкін. Жазғы демалыс бітіп, жұмыс кестесіне ауысу да — уайымға салынуға бір себеп. Бұл психологтардың пікірі. Мамандар күзгі хандраға көбіне созылмалы соматикалық аурумен ауыратын, стреске жиі ұшырайтын, меланхолия типті адамдар бейім болады – дейді.

Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Күз мезгілінде көп адамдар депрессияға түсіп жатады. Псизологтарға келетін адам саны да сол мерзімде көбейе түседі. Өйткені сол уақытта адамдар көңіл-күйі болмай жатады, белгілі-бір мәселені шешуде қиналып жатады. Себебі ішкі мотивация жетіспейді.

Күздегі күйзелістің басты себебі – күннің жетіспеуі. Адам шуақтан түсетін Д3 витаминін алмағаннан кейін түрлі ауруға ұшырауы мүмкін. Мамандар одан шығудың бір жолы – өзгеге қуаныш сыйлау, -дейді. Осы арқылы жаман энергиядан арылуға болады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мынау сізге, көңіл-күйіңізді көтеру үшін. – Үлкен рақмет! – Күзде депрессия болып жатқан жоқ па? – Жоқ, самый раз. Красота.
- Бұл сіздерге. – Не үшін? – Көңіл-күй көтеру үшін. – Ой, рақмет. Біз массаж маманымыз. Бір-бірімізге массаж жасап, көңілімізді көтеріп жүреміз.
- Рақмет үлкен!
- Рақмет!
- Сіздерге шоколад. – Рақмет, бәрі әдемі.

Қысқасы, жылдың осы мезгілінде жеткілікті ұйықтау өте маңызды. Дәрігер кешке компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын ескертті. Ал психотерапевт күздегі әлсіздік пен көңілсіздік әсерін жеңу үшін тұрғылықты жерін өзгертуге кеңес береді. Дене қозғалысын да ұмытпаған жөн. Сол үшін күніне кемі 10 000 қадам жүрген жөн - дейді.