Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық сейсмологтер Қытай мен Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2023
  • 605

11 қазанда сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 588 шақырым жерде Қытайда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде Ауғанстан аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Астана телеарнасы  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай аумағындағы жер сілкінісі Алматы уақытымен 6 сағат 15 минут 22 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Ауғанстандағы жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 6 сағат 44 минут 05 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. Магнитудасы - 6,5. Тереңдігі -10 км. Сезілгіштігі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 2445 адам қаза тапқан болатын. Магнитудасы 6,3 болатын бірінші жер сілкінісі 7 қазан күні таңертең Герат қаласының солтүстік-батысындағы аудандарда болды. Алғашқы жер сілкінісінен кейін тағы сегіз күшті дүмпу болды.