Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әр аманаттың артында адам тағдыры тұр», - Е.Қошанов

"Әр аманаттың артында адам тағдыры тұр". Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Төраға депутаттарға артылған жүктің ауыр екенін айтып, оларды халық үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Сайлауалды бағдарламада берілген уәделердің уақытылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау науқаны кезінде біз елге уәдемізді бердік. Сондықтан халықтың алдында жауапкершілік зор. Оны Президентіміз де бірнеше рет бізге қадап айтқан болатын. Осы орайда сайлаушылардың талап-тілегі толық орындалуы депутаттардың ерекше бақылауында болады.