Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Президент өнімнің бағасын белгілеу кезінде ашықтық болу керек – деді. Әсіресе делдалдармен күрес жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту процесін ұйымдастыруды тапсырды. Үкімет пен уәкілетті органдарға отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды.