Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетті

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2023
  • 849

Рудный қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz www.ng.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жол апаты Горький және Ленин көшелерінің қиылысында болған.

"Бұл реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі. Ағаштың артында бағдаршам орналасқан. "Daewoo Nexia" маркалы көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, 12 жастағы баланы қағып кетті. Бала жасыл түс кезінде жүгіріп шықты, жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінде өткен", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірім стационарлық ем қабылдап жатыр.