Русский Сайттың толық нұсқасы

"Түрмеде жасөспірім қыздар көп". ІІМ әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2023
  • 1032

Instagram-да тараған роликтің авторы Қазақстандағы түрмелерде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп деп мәлімдеді. Автордың сөзінше, олар "есірткі жасырғаны" үшін бас бостандығынан айырылған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.