Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай елордада боулингтен қалалық турнир өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шет қалмайды. Ерекше жандар мерекесі қарсаңында елордада боулингтен қалалық турнир өтті. Сайысқа есту, көру қабілеттері нашар, арбадағы 60-қа жуық адам қатысты. Олар алты топқа бөлінген. Басты мақсат - қаламыздағы ерекше жандардың кедергісіз орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттырып, салаутты өмір салтын насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын басқа да спорт түрлерінен сайыстар өткізу жоспарланып отыр. Жарыста үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар сый-сияпат, алғыс хатпен марапатталды.

Мұрат ӘБДІМОМЫНОВ, «ЖАС МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бұндай жарысты пандемияға дейін 5 жыл қатарынан өткіздік. Кейін пандемия кезінде тоқтап қалды. Енді қайта қолға алып жатырмыз. Олар қазір 6 топқа бөлініп жарысады. Ұпайлар арнайы компьютерде саналады.

Тәуекел НАУРЫЗБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Бізге негізінен пайдасы өте көп. Денсаулыққа пайдалы, көңіл-күйіміз көтеріледі. Осы жерде жиналамыз, араласамыз. Мысалы мүгедектер қарсы күні осындай мероприятие өткізіп жатқанына өте ризамыз. Тек пайдалы жақсы әсерлер береді.