Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы қазақ тілін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесуде мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Президент қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне ерекше тоқталды. Рауан Кенжеханұлы қордың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспары жайында мәлімет берді.

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және жалпы ана тілімізді тиісті биігіне шығаруға қайтсек жұмылдыра аламыз және оған мемлекет, қоғам, бизнес жалпы жеке тіл жанашырлары болып қалай біріге аламыз.Осы төңіректе Президент те өзінің пікірін айтты. Қолдауын білдірді.