Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады

Бүгін Ауғанстанда тағы 2 рет жер сілкінді. Бес балл шамасында болған.  Зіл-заладан қайтыс болғандар саны екі жарым мыңнан асып кетті. Ал жарақат алғандар 10 мыңға жуықтайды. Қаза болғандардың 90 пайызы - балалар мен әйелдер. Ауғанстанға еліміздің құтқарушылары барған еді. Олар қиранды астынан қаза тапқан 1 баланың денесін алып шығып, жергілікті 80 тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, Наиброфи елді мекеніндегі қираған 700 үйдің ауласын тексеріп шықты. Құтқарушылар ертең елге қайтады.