Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған компанияға 923 млн теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2023
  • 1107

Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтағаны үшін «Жылыой Болашақ» компаниясына 923 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды  Астана телеарнасы Azattyq Rýhy  порталына сілтеме жасап.

Аталған заңбұзушылықты Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықтады. Олардың деректері бойынша, «Жылыой Болашақ» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз қауіпті қалдықтарды сақтаған.

2022 жылдан бастап олар қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна қоспаны жинады. Сот ЖШС-не 923 миллион теңге әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.