Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді (21-1-1, 7КО) жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.
"Мұнымен тоқтамаймыз. Бұл - тарих. Алда әлі екі титул бар", - деді Әлімханұлы кездесуден соң.