Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2023
  • 768

Түркістан облысында жекеменшік емханалардың бірінде ер адам дәрігерді ауыр жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Куәгерлердің сөзінше, күдікті кезек күтіп отырғанда ашуға булығып, рентгенолог-дәрігерді пышақтап тастаған. Әріптестері дәрігерде жедел ауруханаға жеткізген. Мамандардың сөзінше, пышақ жүрек маңына тиіпті.

"Кеуде қуысына келген жарақат кісі өліміне алып келуі мүмкін, себебі кез келген органды, тамырды зақымдауы ықтимал. Жарақат жүрек тұсында болған, сондықтан ота жасай алдық. Қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Абдулхамид Әбдікуширов.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ал жарақат алған дәрігер есін жиды.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен іс қозғалды. Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – дейді Түркістан облысы тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Сейдалиев.