Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері Даниядағы матчтан кейін трибунадағы қоқысты тегіс жинап кеткен

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2023
  • 753

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Копенгагенде Даниямен өткен ойында ойыншыларға белсенді түрде қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ал ойыннан кейін жанкүйерлер трибунаны тегіс тазалап кеткен. Оқиға орнынан видеоны қазақстандық блогер Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кадрлардан Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер қағаз бен пластик шыныаяқтарды, азық-түлік қаптамаларын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.