Қазақстандық сейсмологтар 15 қазанда Ауғанстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,2.
Магнитудасы - MPV 6,3.
Тереңдігі - 10 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Айта кетейік, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.