Павлодарда су құбырын тарту кезінде жұмысшылардың үстіне топырақ құлап, екі адамды басып қалды. Құтқарушылар үйінді астынан тек біреуін ғана аман алып шыққан. Өкінішке қарай екіншісі тұншығып, көз жұмған. Оқыс оқиға қаладағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. Су құбырын тартпақ болған олар тереңдігі 2 метр болатын шұңқыр қазған. Қазір мәйітке сараптама жасалып жатыр.
Серікбай АХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен сразу күрек алып, қазып шығардым басын ғана, дем алып отырды ол. Ол шығар дит мені, тұра тұр дедім. Шыдайсың. Екіншісін шығарып, қазайын десем жоқ болды ол. Сосын бір кезде басын шығардым, уже өліп кеткен.
Серік ШЕРИАЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ана жерде ондай жұмыстар жасаған кезде міндетті түрде тіреу бірдеңелерді қою керек. Жер үй болғаннан кейін әр үйде тақтайша болады. Есік болады сондай тіреулерді қойып, жасау керек болған. Бірақта қауіпсіздік ережелерін сақтамаған себебінен болып отыр осы оқиға.