Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Қазақ поэзиясы қара жамылды. Ұзаққа созылған ауыр науқастан алаш жырының айбозы Несіпбек Айтұлы өмірден озды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақынның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

“Жұрт еді ғой менсіз де күн көретін,

Өлгенменен ешкім жоқ бірге өлетін.

Қабақ шытпай күтейін ажалды да,

Қонағым ғой әйтеуір бір келетін.” Ақынның дариға дәурені, жыр жүрегі 73 жасында тоқтады. Қазақ поэзиясының қара нары, бәйтерегі құлады. Айбоз ақынмен бірге алаш жырының тұтас бір дәуірі көшіп бара жатқандай.

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АҚЫН:

Қазақ жырының бағына туған, көзі тірісінде бостандық жырының бозторғайы, бозжорғасы деп бағаланған мемлекеттік сыйлықтың иегері , құлагер шабытты, кең тынысты эпик ақын, лирик ақын, аудармашы Несіпбек ағамыздың қазақ әдебиетінде жасаған еңбегі орасан енді.

Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі өлең, әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Қазақ Мемлекеттік Университеті журналистика факультетінің түлегі. Эпик ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. Кейін «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редакторы болды. Онан соң да талай қызметті абыроймен атқарды.

Жанұзақ АЯЗБЕКҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ҚОФ ДИРЕКТОРЫ, ЖУРНАЛИСТ –ЖАЗУШЫ:

Кез-келген ақыннның пешенесіне ұлт деңгейіндегі ақын дәрежесіне көтерілу жазыла бермейді.Ал марқұм Несіпбек ағамыз дәл осы биік тұғырдан көріне білген ақын.Несіпбек ағамыздың басқадан бір ерекшелігі бұл кісі ұлтжанды және жаны нәзік, ұлттың жырын да, сырын да түсіне білетін сезімтал ақын.

Қара өлеңнің шебері - Несіпбек Айтұлы Қазтуған жыраудың көзіндей, Абай ұстанымына адал болған абыздың өзіндей, Мағжанның мөлдір поэзиясының мұрагері, Қасымның қасқа жолының құлагері, Мұзбалақ Мұқағалидан бата алған, Ақселеу мен Жәнібектей ізгі қатардан еді.

Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ, АҚЫН:

Сыпыра жырау, Кетбұға, бергісі Ақтамберді,Бұқар жырау тіпті мынау Шәкір абызға дейінгі буынды қамтыған жыраулар мұрасын ардақтаған, ерліктің жампоз жыршысы болған адам.Осы түгел қазақтың батырларын түнгнедеп, біздің қаһармандық дәуірдің ерлік дәуірдің ерекше шежіресні көркемдеп сомдаған ақын.

Ақынның өрелі өлеңдері мен пайымды поэмалары әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. Талай жыр мүшәйрада топ жарды.Несаға ән-өлең жанрында да жарық із қалдырды.Көптеген туындылары алаштың сүйіп айтатын таңдамалы әніне айналды.