Русский Сайттың толық нұсқасы

"Меккеге жолдама": Абай Бегейдің қызы әкесіне сыйлық жасап қуантты

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2023
  • 744

Белгілі әнші Абай Бегейдің екінші қызы Сымбат әкесіне сыйлық жасап, қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің үлкен қызы Ерке ағасының тойына шашу деп әкесіне 1 миллион теңге табыстады. Сымбат та өз кезегінде әкесіне тосын сый жасайды.

“Сөзсіз… Осы күнді ұзақ күттім, ішіме сыймай. Сәуірден бастап блогымды жүргізіп, бірнеше бутиктерге модель болып, жарнамасын жасап тірнектеп жинадым. Ақтауда жүргенде де шетінен саумай тек осылай Той алдында папаны қуантамын деген мақсат болды. Тосын сый деп Меккеге жолдама алып беремін деп жүр едім, папаның кестесін білмегесін өзіне беру дұрыс болар деп шештім. 15 жасымда осылай ағамның тойының бір шетін көтере алғаныма іштей қатты қуанып тұрмын”, – деп жазды Сымбат.

Әкесіне қолғабыс болатын жасқа жетіп, үмітін ақтап жатқан қыздар желі қолданушыларын тәнті етті.

“Барлығы әкең мен анаңның тәрбиесі аналарыңды жоқтатпай артынан жаман сөз ергізбей жүргендерің үшін аналарың бір аунап, марқайып тілеулеріңді тілеп жүрген шығар”, “Әкесінің еңбегін ақтап жатқан қыздардан қалай айналмайсың”, “Әкеге осыдан артық қандай бақыт керек”, “Отбасыңыз тіл-көзден аман болсын”, – деп ақжарма тілегін арнады желідегілер.