Русский Сайттың толық нұсқасы

Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына шықты

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2023
  • 712

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бельгияда өтіп жатқан Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Ол жұптық сында ресейлік Александр Шевченкомен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз 1/8 финалда ресейлік Александр Шевченкомен бірге бельгиялықтар Микаэль Гиртц — Готье Онклинге төтеп берді. Бірінші партия Бублик пен Шевченконың еншісінде болса - 7:6 (7:4), екіншісінде бельгиялық дуэт қарымта қайтарды – 6:4.

Қазақстандық пен ресейлік жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 12:10. Тартысты матч бір жарым сағатқа созылды.

Қос Александр 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Гиртц пен Онклин 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Айта кетейік, Александр Бублик жекелей сында 3-ракетка болып тіркелгендіктен, жарысты екінші айналымнан бастайды.