Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі кинодағы ашық сахналар туралы айтты

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2023
  • 712

Тілшінің “Ашық сахнаға түсу қиындық тудырмайды ма?” деген сауалға актер: “Ашық сахна дегенде сүйісуді меңзеп тұрсыз ғой?! Жоқ, ешқандай қиындық тудырмайды. Серіктесің әдемі, сұлу болса қалай қиындық тудыруы мүмкін”, – дейді Айдар Асқарбек күліп.

Бірінше некесі сәтсіз аяқталған актерге екінші рет шаңырақ көтеру жайлы сұрақ қойды. Алайда Айдар бұл сауалға жауап беруден бас тартты.

Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қыруар қаражат табатынын да жасырмады.

“TikTok желісінде тікелей эфирде отырып орта есеппен айына 2-7 миллион теңге аралығында табыс табамын. Ол менің желіге қанша мәрте кіруіме және уақыт бөлуіме байланысты”, – дейді актер.