Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы түрмеде адам өлімі болғаны рас - Игорь Лепеха

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2023
  • 915

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Абай облысындағы түрмеде сотталғандардың жаппай пышақтасқаны жайлы түсінік берді.

«Иә, онда (Абай облысындағы бұрынғы орган қызметкерлері отыратын түрмеде - ред.) расымен кісі өлімі болды. Ол (жазасын өтеуші - ред.) пышақты өзі жасап алған. Өкінішке қарай, бұл - біздің қызметкерлердің салғырттығы. Бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Сол сәтте онда екі адам ғана болған, бөтен ешкім жоқ. Екеуі де – жазасын өтеуші, бірақ камералас емес. Оқиға күндіз болған. Басқа егжей-тегжейін айта алмаймын. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл мекеме бойынша тексеріс жүріп жатыр», - деді Игорь Лепеха.

Айта кетсек, кеше Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл оқиғаны жоққа шығарған еді.