Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қытаймен сауда қатынасын дамыту ел экономикасын дамытады", - сарапшы

«Бір белдеу – бір жол» жобасын жүзеге асыру үлкен көліктік-логистикалық перс¬пек-тиваға жол ашады. Сарапшылар осылай дейді. Қазірдің өзін¬де жүзеге асырылған бастамалардың арқасында еліміздің аумағы бойынша Еуропа мен Азияны байланыстыратын халықаралық маңызы бар 6 автомобиль, 9 теміржол және 4 әуе дәлізі бар.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, «ҚЫТАЙ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҚ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Географиялық біздің орналасуымыз бұл Қытай үшін Еуропаға шығатын дәліз ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда Қытай компаниялары Қазақстанның теміржол, ауылшаруашылығы, басқа да инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция әкелу арқылы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін арттырып отыр. Мысалы 52 жоба Қазақстан Қытай 52 жоба аясында 21 миллиард долларға жүзеге асып жатыр.

Ал қытайтанушы Антон Бугаенко Мемлекет басшысы сапарының бірінші күнін «өте нәтижелі» деп атады. Оның пікірінше, Қазақстан Қытайдың стратегиялық серіктесі болғандықтан, кездесуден көптеген жаңа инвестициялық жобаларды күтуге болады.

Антон БУГАЕНКО, САРАПШЫ:

Мен кездесуден жаңа инвестициялық жобаларды күтемін. Екі бағыт бойынша жобалар талқыланды. Бұл мұнай-газ секторы. Бұл туралы Президент өз Жолдауында бекер айтқан жоқ. Талқыланған мәселенің барлығы экономикамыз үшін маңызды.