Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» пен Вьетнам Компартиясы арасындағы диалог жалғасуда

"Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі саналады. Жүйелі саяси коммуникация, парламентаралық өзара іс-қимыл, тығыз сауда-экономикалық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық байланыс мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді". «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті сыртқы байланыстар жөніндегі бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары Нгуен Тхи Хоанг Ванмен кездесуінде осылай деді. Вьетнам Компартиясы мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында «AMANAT» партиясымен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін айтты. Кездесуде тараптар партияаралық диалогты белсенді нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.