Америкалық Сара Уилкинсон есімді 42 жастағы әйел өзіне тұрмысқа шығып, үйлену тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сараның айтуынша, ол үйлену тойын жасап, қалыңдық атануды кішкентай күнінен армандаған.
"Мен бала кезімнен тұрмысқа шығуды армандаған әйелдердің бірімін. Кішкентай кезімде қалыңдық болып, үҮстіме перде киіп, басыма пластик тәж тағып ойнайтынмын. 15 жасымнан бастап егіз ұл немесе үшем қызым болғанын қалап, болашақ күйеуім екеуміз айналасы аппақ шарбақпен қоршалған әдемі үйде тұратынымызды армандадым", - деді америкалық.
Әйелдің жалғыз ұзақ мерзімді қарым-қатынасы 28 жасында басталып, төрт жылға созылған. Содан бері әйел серіктес іздеп, бір күні өзіне деген сүйіспеншілігін байқап, өзіне үйленуге шешім қабылдаған.
Ол өзіне гауһар тасты сақина сыйлап, достарымен бірге бойдақтар кешін ұйымдастырған. Содан кейін 80 қонақтың қатысуымен үйлену тойын жасап, өзін жақсы көруге және қамқор болуға ант етті. Америкалық әйел сәнді мерекеге барлығы 12 мыңнан аса доллар жұмсаған.