Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық қор – балаларға»: Мәжіліс заңды қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2023
  • 814

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізілген түзетулерді қарап, келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң жобасы Қазақстан Парламенті Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырында енгізілді. Оған бастамашы болған – Қазақстан Парламентінің депутаттары. Заң жобасының негізгі мақсаттары: кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып саналады.

Биыл 23 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілген болатын. 13 қазанда Сенат заң жобасын кері қайтарды. Заңға 10 түзету енгізілді. Оның ішінде 5 түзету редакциялық нақтылау сипатында, 5 түзету заңның жекелеген нормаларын ішкі және заңнамалық актілерге сәйкес келтіруді көздейді.

Атап айтқанда, мақсатты жинақтауда бірыңғай зейнетақы қорындағы шоттарға аудара отырып, екінші дейгейлі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған банк шотына аударуды реттейтін нормалардағы долларды теңгеге аудару мүмкін емес, бұл аудару кезінде деп өзгертілді, - деп атап өтті Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев.

Сондай-ақ Қазақстан Тұңғыш президенті – Елбасы туралы конституциялық заңның қолдануын тоқтатуына байланысты терминологиялық біріздендіру үшін Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заңға түзету енгізілді.

Сенат енгізілген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғары айтылғандарды ескеріп, комитет Қазақстан Парламенті Сенатының өзгерістері және толықтырулармен келісуді ұсынады, - деді депутат.