Русский Сайттың толық нұсқасы

Шавкат Рахмонов UFC 5 ойынында үздік бес спортшы қатарына енді

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2023
  • 2094

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов EA Sports өнімі UFC 5 видеойынында жартылай орта салмақтағы үздік 5 спортшының қатарына енді, - деп жазады massaget.kz.

UFC 5 ойыны 2023 жылдың 27 қазанында айналымға шығады. PlayStation 5 және Xbox Series X|S консулдарында қолжетімді болады. Ойында жеке жекпе-жектер, мансап құру, онлайн жекпе-жектер, рейтингілік жарыстар ұйымдастыру мүмкіндігі бар. 

Ойын рейтингі төмендегідей:

1. Жорж Сен-Пьер (Канада);

2. Леон Эдвардс (Великобритания);

3. Камару Усман (США);

4. Колби Ковингтон (США);

5. Шавкат Рахмонов (Қазақстан).