Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік Жайық өзеніне батып, екі адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2023
  • 546

17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған, деп жазды  nege.kz.

Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.

Көлік ішінен 1971 жылы және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары байқалмады.

Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.