Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасына ресми сапармен барды

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2016
  • 1428

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасына ресми сапармен барды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті.

Қос ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне де тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттігі атап өтілді.

Президент Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Мұнан соң мемориал музейін аралап, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ