Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ақша үшін ауысқым келмеді": Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 1046

Футболдан Бельгия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Эден Азар мансабын не себепті ерте аяқтағанын түсіндірді. Спортшы ойыннан ләззат алмай кеткен соң, футболмен қош айтысуды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

32 жасында футболшы мансабын аяқтаған Азар бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын жеткізді. Спортшы қомақты ақша үшін басқа клубқа барғысы келмеген.

"Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Бұл туралы ұзақ ойландым. Менде футболдан басқа көп нәрсе бар, сондықтан байыпты таңдау жасай алдым. Бұл туралы ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтаған кезде ойладым. "Реалда" қиын кезеңді бастан өткердім. Ойыннан ләззат алуды тоқтатқан кезде футболдан кететінімді айтатынмын. Ақша үшін басқа клубқа ауысқым келмеді. Бұл ең жақсы шешім болды", - деді Азар L'avenir басылымына берген сұхбатында.