Русский Сайттың толық нұсқасы

Beijing Daily: Қазақстан – қытайлық туристер үшін жаңа бағыт

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 805

Бейжіңдегі ең таралымы көп «Beijing Daily» газеті 19-ы күні Қытай мен Қазақстан арасындағы туризм саласының дамып келе жатқаны туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Мақалада қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының Қытай-Қазақстан арасындағы тікелей рейс өткізу мүмкіндігінің тұрақты түрде артқанын жазған. Қазіргі уақытта Бейжің, Астана және Алматы арасында екі жаққа тікелей рейстер бар. Бұл ретте Үрімжіден Астана мен Алматыға қатынайтын бағыттар да жақын арада толық қалпына келтірілмек.

«Beijing Daily» газеті Қазақстанның екі ел арасындағы азаматтық авиация бағыттарын қалпына келтіруді белсенді түрде ілгерілетуі бұл елдің Қытайдың туристік әлеуетіне оптимистік көзқараспен қарайтынын және осылайша туризм индустриясында көршілес елмен байланысын нығайтуға үміттенетінін көрсетеді деп атап көрсетті.

Автор «Бір белдеу, бір жол» бастамасына ең белсенді қатысушы елдер ретінде Қазақстан мен Қытайдың әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы тығыз дамып келе жатқанына тоқталған. Сонымен қатар екі ел арасындағы визасыз режимнің жүзеге асырылуы арқылы Қазақстан қытайлық туристер үшін шетелге саяхаттаудың маңызды таңдауларының біріне айналады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, «Beijing Daily» – Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы күнделікті шығатын аймақтық басылым. 1952 жылы 1 қазанда құрылған және ең көп таралымы бар жергілікті газет.