Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы бүгін Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады. Президент құттықтау лебізін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

"Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін".