Қызылжарда кәріз құбырында апат болды. Жерасты коллекторы бітеліп, барлық қалдық су сыртқа шыққан. Салдарынан маңайдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне су кетті. Жағдайды одан әрі ушықтырып алмау үшін қалалық сумен қамту кәсіпорны суды басқа кәріз жүйесіне ағызып жіберді. Қазір сала мамандары апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Айтуларынша, шыдас бермеген коллектор жарты ғасыр бұрын салынған. Әбден тозығы жеткен магистральдік жүйе биыл осымен екінші рет сыр берді.
Вячаслав ВИЗЕРОВ, “ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ЖШС СУ АҒЫЗУ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:
800 милиметрлік құбырдың бір аралығы сыр берді. Бұл коллектор 1966 жылы салынған. Біз 2019 жылдан бері бұл құбырға қаражат сұрап келеміз. Бірақ әлі кезегі жеткен жоқ. Қазіп апат орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр.