Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бағы бес елі екен": Абай Бегейдің қыздары жеңгесінің бөлмесін дайындады

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 860

Қыздар жас жұбайлардың бөлмесін безендіріп, жас келіннің көйлектері мен жеке заттарына дейін түгендеп, дайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Өз ұясынан жырақтап, біздің шаңырақтың ақ босағасын аттағалы жатқан Нұр келінімізді әдемі қарсы алғымыз келді. Жас жұбайлардың бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ішіне әдемі көйлектер, керек-жарағын толтырып қойдық. Келінімізге ұнайды деген ойдамыз”, – деп жазба жариялады Ерке.

Жас келіннің асты-үстіне түсіп, жағдайын жасап жатқан әншінің қыздарына көпшілік тәнті болды.

“Ерке, пейілің даладай екен, пейіліңе Алла бере берсін”, “Жыл қайын апасы деген номинация береміз бе?”, “Мұндай қайын апа енді туылмайтын шығар”, “Келінін бәрі осылай құрметтесе ғой”, “Келінді бұлай күткен қайын апа біреу шығар”, “Бағы бес елі келін екен”, “Анасын жоқтатпайын деп апасы жүгіріп жүр ғой”, – деп сүйсінді желідегілер.