Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетау қаласында бес қабатты 2 тұрғын үй пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2023
  • 1130

Республика күні қарсаңында Ақмола облысы орталығында бес қабатты 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 65 пәтердің кілтін қала әкімі салнатты түрде табыстады. Жаңа тұрғын үй Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген.

Мереке қарсаңында 9 баланың анасы баспаналы болды. Ол үй кезегінде 10 жыл тұрған. Ананың қуанышында шек жоқ.

Әсемгүл ЖАМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін міне Республика күніне орай пәтер алып отырмыз 4 бөлмелі. Көптен күткен пәтеріміз! Бәріне жұғысты болсын, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға да. Өте қуаныштымыз!

Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген әсем үй жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға және мемлекет қызметкерліріне берілді. Бұл тұрғын үйдің инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлінген.

Бауыржан ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

В целом хочу сказать что мы сегодня строем по городу впроядке 48 жилищных домов. До конца года планируем сдать 6 домов. А остальные дома будем сдавать в 2024 году. Бүгінгі таңда 48 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 6 көппәтірлі тұрғын үйді ел игілігіне береміз. Келер жылы қалған пәтерлердің кілттерін бабыстайтын боламыз.

Бүгінде облыс орталығында баспана кезегінде 9 мыңнан астам адам тұр. Жыл басынан бері 6 тұрғын үй салынған.