Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасы осы аптада да төмендей бастады

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2016
  • 1350

Мұнай бағасы қайта арзандай бастады. Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының баррелі 38,27 долларға бағаланды. Бұл туралы Bloomberg  хабарлайды. Ал Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайының мамыр айына арналған фьючерстері 1,2% құнсызданып, 36,34 доллардан сатылды. Қара алтын өндіруші елдер өндіріс көлемін шектеу жөнінде келісімге келуге дайын емес деген болжамдар айтылып келгені белгілі. Бағадағы өзгеріске осы  жағдай әсер етуі мүмкін.

Мұнай өндіру көлемі Дохада 17 сәуірде өтетін кездесуде талқылануы тиіс. Картелге мүше Ливиядан басқа 12 мемлекет кездесуге қатысатынын растады. Ал Иран экспортқа шығаратын мұнай көлемін арттырды. Тегеран наурыз айында сыртқа шығаратын қара алтын көлемін тәулігіне 2 млн баррельге жеткізді. Бұл туралы елдің мұнай министрі Биджан Зангане хабарлады.

Берік ХАСЕНОВ